ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘУЕ ТАСЫМАЛЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ТРАНЗИТТІК МҮМКІНДІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.58420/ptk/2025.88.04.001Аңдатпа
Зерттеу тақырыбы – Қазақстанның авиациялық транзиттік әлеуетін дамыту, әуе жүк және жолаушылар тасымалының тиімділігін арттыру, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ынтымақтастық механизмдерін зерттеу болып табылады. Ағымдағы кезеңде Қазақстан транзиттік хаб ретінде өз рөлін нығайтып, халықаралық әуе қатынасында маңызды орынға ие болды. Осы зерттеу авиациялық инфрақұрылымның дамуы, логистикалық хабтар, «ашық аспан» саясаты, жолаушылар мен жүк тасымалының статистикалық көрсеткіштері және ақпараттық технологияларды енгізу арқылы тасымалдау процесін оңтайландыру мәселелерін қарастырады. Зерттеудің негізгі мақсаты – Қазақстанның авиациялық транзиттік әлеуетін жан-жақты талдау және логистикалық тиімділігін арттыру жолдарын анықтау. Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды: әуе жолаушылары мен жүк тасымалының статистикасын зерттеу, халықаралық тәжірибені салыстыру, транзиттік инфрақұрылымның тиімділігін бағалау, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы процестерді оңтайландыру. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, соңғы жылдары әуе жолаушыларының саны мен әуе жүк айналымы тұрақты өсімде. Қазақстанның бірнеше ірі әуежайлары «ашық аспан» режимінде жұмыс істейді, транзиттік маршруттар кеңейтілуде, инновациялық пошта және мультимодальдық хабтар құрылуда. Ақпараттық технологияларды енгізу логистикалық процестерді оңтайландырып, шығындарды азайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Қазақстандық авиакомпаниялар халықаралық бағыттарда шектеусіз рейстер жүзеге асырады, бұл елдің транзиттік хаб ретіндегі беделін күшейтеді. Қорытындылай келе, зерттеу Қазақстанның авиациялық транзиттік әлеуетін арттыруда стратегиялық бағыттарды, инновациялық шешімдерді және халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктерін анықтады. Алынған нәтижелер авиациялық саясатты қалыптастыруға, логистикалық тиімділікті арттыруға және транзиттік қызметтердің сапасын жақсартуға практикалық үлес қосады.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Қазақстан Өндіріс көлігі

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




