ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛМАҒАН БАСҚАРУМЕН БАСҚАРУДЫҢ ИКЕМДІ ЖҮЙЕЛЕРІН АВТОМАТТАНДЫРУДЫ ЖОБАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.58420/ptk/2025.86.02.007Кілт сөздер:
tracemode, автоматтандырылған басқару жүйелері, децентрализация, иерархиялық басқару, компьютерлік жобалау, оқу процесі, өндірістік процестерАңдатпа
Бұл мақала күрделі техникалық кешендерді автоматтандырылған басқару жүйелері тұрғысынан зерттейді, Tracemode бағдарламалық ортасын қолдану арқылы өндірістік процестерді тиімді басқару мен жобалау мүмкіндіктерін қарастырады. Зерттеудің мақсаты – децентрализденген және иерархиялық басқару жүйелерін қолдану арқылы күрделі өндірістік процестерді тиімді бақылау әдістерін анықтау. Міндеттері: автономды локалды блоктар арқылы жергілікті басқару, Tracemode 6 бағдарламалық ортасында компьютерлік жобалау және өндірістік сигналдарды модельдеу, сондай-ақ студенттердің білімін практикалық тұрғыдан жетілдіру. Tracemode 6 қолдану арқылы студенттер өндірістік процестерді виртуалды түрде бақылауды үйренеді, жобаларды қашықтан басқаруды жүзеге асырады, дайын кітапханалар мен блоктарды пайдаланып практикалық дағдыларын дамытады. Бағдарламалық ортада модульдер құру арқылы экономикалық және кадрлық мәселелерді шешуге болады. Видео сабақтар, вебинарлар және онлайн практикумдар студенттерді халықаралық деңгейде оқытуға мүмкіндік береді. Tracemode ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу, жобаларды біріктіру және өндірістік процестерді модельдеу арқылы практикалық дағдыларды жетілдіруді қамтамасыз етеді. Бағдарламалық ортаны қолдану инженерлік, техникалық және экономикалық мамандықтардағы студенттердің кәсіби дайындығын арттырады. Tracemode икемді, модульдік құрылымымен студенттерге интеграциялық жобаларды құруға, өндірістік процестерді бақылауға және эксперименттер жүргізуге мүмкіндік береді, бұл теориялық білім мен практикалық дағдыларды біріктіреді.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Қазақстан Өндіріс көлігі

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




