ЖЕЛ ҚУАТЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕЛ ҚОНДЫРҒЫСЫ

Авторлар

  • ШЫНЫБАЙ Ж.С Автор
  • АБДИЕВА Ш.А Автор
  • ҚЫЗЫРБЕК М.А Автор

Аңдатпа

Бүгінгі таңда жел энергетикасындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған классикалық жел генераторларынан өзге гибридті биіктікте энергия өндіретін әуе жел генераторлары желдің қуатын толық пайдалануға негізделген. Мақалада ВАТ жел генераторы қарастырылып, артықшылықтары талданған. Қондырғының негізгі бөлігі әуе кеңістігінде орналасуы жер бетіндегі алатын аумағын кіші етеді және қоршаған ортаға еш кедергі келтірмейді, сонымен қатар іргетастар мен ауыр техникаларды талап етпейді және байланыс желісі құрылғыларымен жабдықталған. Биіктіктің өсуімен жел жылдамдығы артатыны белгілі. ВАТ жел генераторының белгілі техникалық мәндерімен желдің негізгі параметрлері есептелінді және Алматы облысы үшін 300 метр биіктіктегі мүмкін болатын жел жылдамдықтарына есептеу жұмыстары жүргізілді. Есептеулердің нәтижесінде әуе жел қондырғысы үшін Қазақстанның климаты мен гоеграфиялық ерекшеліктеріне сәйкес келетіндігіне көз жеткізуге болады және сол арқылы қолданысқа енгізу ұсынылады. Тәжірибе ретінде ВАТ жел генераторының шағын нұсқалық макеті жасалынып, кафедра зертханасында алынған мәндер бойынша энергия шамасы есептелінді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-10-23

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ЖЕЛ ҚУАТЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕЛ ҚОНДЫРҒЫСЫ. (2025). Қазақстан Өндіріс көлігі, 71(2). https://prom.mtgu.edu.kz/index.php/zhournal/article/view/108