Журнал туралы
«Қазақстан өндіріс көлігі»
Негізін қалаушы және баспагері: Халықаралық көліктік-гуманитарлық университеті
«Қазақстан өндіріс көлігі» журналы Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникацияминистрлігінде тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № 16163-Ж, 28.07.2016 ж. берілген.
Басылым Халықаралық ISSN орталығында тіркелген:
ISSN: 1814-5787
ISSN: 3006-0273 (онлайн)
Заманауи инфо-коммуникациялық технологияларды ғылыми контекске белсенді енгізу, осы негізде жаңа зерттеу эвристикасы мен цифрлық гуманитарлық білім (digital humanities) әдіснамасын қалыптастыру, сондай-ақ желілік технологияларды ғылым мен техниканың жетістіктерін танымал ету құралы ретінде қолдану мақсатында журнал қазіргі ғылым мен техниканың жаңа парадигмасын дамытуға және қазақстандық мамандар арасында соңғы әзірлемелерді таратуға үлес қосады.
Журнал келесі бағыттар бойынша ғылыми мақалаларды жариялайды:
- Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер;
- Электр энергетикасы және көлікті автоматтандыру.
Журналдың редакциялық саясаты ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында қазақстандық және шетелдік ғалымдардың жаңа әзірлемелерін насихаттауға, сарапшылардың, докторанттар мен жас зерттеушілердің жарияланымдық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Мақсаты / Миссиясы:
«Қазақстанның өнеркәсіптік көлігі» журналы интернет желісінде қолжетімді форматта, оның ішіндешетелдік зерттеушілердің қатысуымен ашық ғылыми пікірталас жүргізуге жағдай жасауды. Кәсіби тәжірибеалмасуды, зерттеу нәтижелерін, жаңа әдістемелер мен пәнаралық тәсілдерді таратуды. Есептеу техникасы жәнеақпараттық жүйелер, электр энергетикасы және көлікті автоматтандыру салаларында жұмыс істейтін жетекші ғалымдардың, докторанттардың және ізденушілердің ғылыми нәтижелерін жариялауды ынталандыруды мақсатетеді.
Журналдың міндеттері:
– ғылыми қауымдастықты қазақстандық және шетелдік авторлардың өзекті теориялық, әдіснамалық жәнеқолданбалы нәтижелерімен таныстыру;
– кәсіби құзыреттер мен зерттеу дағдыларын дамыту;
– есептеу техникасы мен ақпараттық жүйелер, электр энергетикасы және көлікті автоматтандыру салаларының заманауи талаптарына сай келетін мамандарды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жәрдемдесу;
– ғылыми стандарттарды нығайту және ғылыми-білім беру қызметінің тиімділігін арттыру.
Жариялану жиілігі: жылына 4 рет







