МАШИНА ЖАСАУ ӨНДІРІСІНДЕГІ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ ТОРАПТАРЫН ЖОБАЛАУДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖЕТІЛДІРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.58420/ptk/2024.82.02.004Кілт сөздер:
автоматтандыру, Trace Mode 6, инженерлік жобалау, интеграцияланған бағдарлама, басқару жүйесі, өндіріс, технологиялық процессАңдатпа
Бұл мақалада өндірістік процестерді автоматтандыруда интеграцияланған бағдарламалық платформаларды пайдаланудың маңызы қарастырылады. Қазіргі таңда цифрландыру мен технологиялық жаңғыртудың дамуы өндірістік кәсіпорындар үшін автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізуді қажет етеді. Зерттеудің мақсаты – инженерлік жобалау мен басқару процестерін оңтайландыруда Trace Mode 6 бағдарламалық платформасының мүмкіндіктерін талдау және оның білім беру процесіндегі қолданылуын көрсету. Зерттеу міндеттері ретінде бағдарламалық жүйенің құрылымын талдау, FBD блоктық диаграммалары арқылы математикалық модельдеу принциптерін анықтау және өндірістік басқару жүйелерінде оның тиімділігін бағалау қарастырылды. Зерттеу барысында отандық және шетелдік авторлардың еңбектері, сондай-ақ практикалық жобалар мен өндірістік мысалдар қолданылды. Нәтижелер көрсеткендей, Trace Mode 6 бағдарламалық платформасы технологиялық процестерді жобалау мен бақылауда жоғары тиімділікке ие. Ол бес бағдарламалау стандартына (SFC, LD, FBD, ST, IL) негізделіп, өндіріс жүйелерінің барлық деңгейінде автоматтандыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бағдарламаның “Навигатор” модулі білім алушыларға инженерлік жобаларды орындауда икемді тәсіл ұсынады және практикалық сабақтарда қолдануға мүмкіндік береді. Қорытындылай келе, Trace Mode 6 интеграцияланған бағдарламалық қамтамасыз ету инженерлік білім беру мен өндірістік процестердің цифрлық трансформациясын жеделдететін маңызды құрал болып табылады. Ол өндірістік жүйелердің тиімділігін арттырумен қатар, студенттердің тәжірибелік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Қазақстан Өндіріс көлігі

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




